Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен ABA Cargo ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен «ABA Cargo» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат елордада кәсіпкерлікті дамыту және іскерлік байланыстарды нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын айқындайды.
Меморандум аясында бизнеске арналған жобаларды бірлесіп іске асыру, форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен білім беру іс-шараларын өткізу жоспарланған. Сондай-ақ тараптар сараптамалық және талдамалық материалдармен, озық тәжірибелермен алмасады.


Бизнес жүргізу жағдайларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеуге де ерекше назар аударылады. Сонымен қатар салалық, өңірлік және сектораралық серіктестікті дамыту бойынша бірлескен жұмыс жүргізіледі.
Меморандум кәсіпкерлік қоғамдастықпен өзара байланысты кеңейтуге және Астанада кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін бастамаларды қолдауға бағытталған.