TransLogistica Kazakhstan 2026: 20 елден келген 233 компания көлік саласы мәселелерінің шешімін ұсынуда

14.10.2026
TransLogistica Kazakhstan 2026: 20 елден келген 233 компания көлік саласы мәселелерінің шешімін ұсынуда

Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында «Көлік және логистика» атты 29-шы Қазақстандық халықаралық көрме – TransLogistica Kazakhstan 2026 басталды. Іс-шара мемлекеттік органдардың, қазақстандық және халықаралық бизнестің, салалық бірлестіктер мен технологиялық компаниялардың өкілдерін біріктіріп, іскерлік байланыстарды дамытуға және көлік-логистика саласының даму перспективаларын талқылауға мүмкіндік береді.

Биыл көрмеге 20 елден 233 компания қатысып жатыр. Экспоненттер қатарында көлік-логистика компаниялары, теміржол және теңіз тасымалдарының операторлары, жабдық өндірушілер, IT-шешімдерді әзірлеушілер және қойма инфрақұрылымына арналған технологияларды жеткізушілер бар.

Изображение

Көрменің ашылу салтанатына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Мұратбек Маханов, Қазақстан Республикасы көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов және KAZLOGISTICS Президиумы төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов қатысты.

Ұлттық палатаның өкілі тиімді логистиканың кәсіпкерлікті дамыту, экспорт көлемін ұлғайту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін нығайту үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

«Көлік-логистика инфрақұрылымы қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Бұл жеткізу құны мен мерзімінен бастап, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығына дейінгі мәселелерді қамтиды. Халықаралық бағыттарды, қойма инфрақұрылымын және цифрлық шешімдерді дамыту отандық кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. TransLogistica Kazakhstan сияқты алаңдар бизнеске жаңа серіктестер табуға, тәжірибе алмасуға және саланы дамытуға арналған практикалық шешімдерді талқылауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Мұратбек Маханов.

Изображение

Көрме көлік-логистика секторының негізгі бағыттарын қамтиды. Олардың қатарында халықаралық жүк тасымалы, қойма және терминалдық логистика, мультимодальды тасымалдар, процестерді автоматтандыру және жеткізу тізбектерін басқаруға арналған цифрлық шешімдер бар. Биылғы қатысушылардың қатарында 36 жаңа экспонент бар. Сонымен қатар көрмеде алғаш рет 700-ден астам компанияны біріктіретін Түркияның қызметтер экспорттаушылары қауымдастығы таныстырылуда.

TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесінің маңызды бөлігі – үш күнге жоспарланған іскерлік бағдарлама. 14 қазанда қатысушылар BreakBulk Kazakhstan конференциясы аясында халықаралық көлік бағыттары мен жобалық логистиканы дамыту мәселелерін, сондай-ақ көлік пен логистиканың болашағын талқылайды. 15 қазанда Қазақстанның қойма логистикасы жөніндегі V конференциясы және New Silk Way IX халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы өтеді. Ал 16 қазанда Қазақстанның көлік-логистика саласын 2035 жылға дейін дамыту перспективаларына арналған FUTURE CHECK сараптамалық алаңымен бағдарлама аяқталады.

Изображение

«Атамекен» ҚР ҰКП көрмеге Қазақстан Республикасы Көлік министрлігімен, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен, KAZLOGISTICS және салалық бірлестіктермен қатар ресми қолдау көрсетеді. Ұлттық палата көлік байланысын дамыту, логистикалық процестерді жетілдіру және бизнестің салалық ұйымдармен өзара іс-қимылын нығайту қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды шарттары деп санайды.

TransLogistica Kazakhstan 2026 көрмесі 14-16 қазан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Көрмені Iteca және «Атакент-Экспо» компаниялары ICA Events халықаралық серіктесімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.