«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-ның 100% қатысуымен «Батыс Қазақстан облысының өңірлік тұрақтандыру қоры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы
«Aqjaiyq» ӘКК» АҚ-ның 100% қатысуымен «Батыс Қазақстан облысының өңірлік тұрақтандыру қоры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі – ЖШС) құру туралы сұрау салу жария талқылау мақсатында орналастырылады.
Серіктестікті құрудың мақсаты – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі – ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі қызметті ұйымдық тұрғыдан оқшаулау, қаражат пен қызмет нәтижелерінің бөлек есебін қамтамасыз ету, ресурстарды пайдаланудың ашықтығын арттыру және белгіленген міндеттердің орындалуына жауапкершілікті күшейту.
Жоба шеңберінде азық-түлік қорларын сатып алуға, сақтауға, жаңартуға және өткізуге, сондай-ақ ӘМАТ жеткізуді қамтамасыз ету және олардың бағаларын ұстап тұру бойынша міндеттемелер қабылдайтын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға байланысты операцияларды жеке еншілес ұйымға шоғырландыру көзделеді.
Құрылатын Серіктестіктің жоспарланып отырған экономикалық қызмет түрлерінің алдын ала тізбесі:
ЭҚЖЖ 46390 – азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын мамандандырылмаған көтерме саудада сату, тек ӘМАТ бөлігінде;
ЭҚЖЖ 64929 – басқа топтамаларға енгізілмеген кредиттеудің өзге де түрлері, тек бағаларды тұрақтандыру тетіктері шеңберінде қарыздар беру бөлігінде;
ЭҚЖЖ 52103 – көкөністер мен жемістерді қоспағанда, азық-түлік тауарларын қоймаға қою және сақтау;
ЭҚЖЖ 52105 – көкөністер мен жемістерді қоймаға қою және сақтау;
ЭҚЖЖ 68208 – меншікті немесе жалға алынған қойма үй-жайларын жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару;
ЭҚЖЖ 47811 – сауда шатырларында, дүңгіршектерде және киоскілерде азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату;
ЭҚЖЖ 47812 – базарларда азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату.
Сауда алаңының көлеміне қарай мынадай қызмет түрлері көзделеді:
ЭҚЖЖ 47117 – сауда алаңы 100 шаршы метрден аз болатын сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендерде негізінен азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату;
ЭҚЖЖ 47116 – сауда алаңы 100-ден 500 шаршы метрге дейінгі сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендерде негізінен азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату;
ЭҚЖЖ 47115 – сауда алаңы 500-ден 2 000 шаршы метрге дейінгі сауда объектілері болып табылатын мамандандырылмаған дүкендерде негізінен азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сату.
Бұл ретте алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын сату көзделмейді.
Ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, оларды a.absalyam@atameken.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.