Ұлытау облысында "Кейтеринг" курсы бойынша оқу аяқталды.
Ұлытау облысында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен және облыс әкімдігінің қолдауымен «Кәсіпкер әйел» бағдарламасы аясында өткізілген «Кейтеринг» курсы бойынша оқу аяқталды.
Курс спикері әрі тәлімгері «Safi» кофеханалар желісінің негізін қалаушы Роза Рымбаева болды. Практикалық сабақтар барысында қатысушылар кейтерингтік іс-шараларды ұйымдастыруға қажетті білім мен дағдыларды меңгерді.
Оқу барысында кейтерингтік бизнесті жүргізу негіздеріне, өнімдердің өзіндік құнын есептеуге, түрлі жеңіл тағамдар әзірлеуге, сондай-ақ дастарханды дұрыс әрі заманауи түрде сервирлеуге ерекше көңіл бөлінді.
Курс түлектерін Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Эмиль Мисбахов пен Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова құттықтады.
Курс түлектері тегін оқытуды ұйымдастырып, сұранысқа ие практикалық білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік бергені үшін Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігіне алғыстарын білдірді.