Шағын және орта бизнеске арналған жаңа цифрлық мүмкіндіктер

07.10.2026
Шағын және орта бизнеске арналған жаңа цифрлық мүмкіндіктер

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында қаладағы сауда желілері мен дүкен өкілдерінің қатысуымен шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге бизнес-процестерді жеңілдету және автоматтандыру мақсатында әзірленген заманауи «Business GO» цифрлық платформасы таныстырылды. Кәсіпкерлерге платформаның мүмкіндіктері, функционалдық ерекшеліктері мен бизнес үшін артықшылықтары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Әсіресе, бизнестің жұмысын оңтайландыруға, уақыт шығындарын қысқартуға және кәсіпкерлік қызметті жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік беретін құралдарға ерекше назар аударылды.
Отырысқа қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, платформаны күнделікті жұмыс барысында практикалық тұрғыдан қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді таныстыру және енгізу жұмыстарын жалғастыруда.