Құрылыс компанияларына арналған камералдық бақылау

09.10.2026
Құрылыс компанияларына арналған камералдық бақылау

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында Құрылыс, логистика және көлік мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау кезінде камералдық бақылауды енгізу және қолдану мәселелері болды.

Отырысқа құрылыс компанияларының өкілдері, қалалық және аудандық құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Баяндамамен Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Маржан Шарипқызы сөз сөйледі.

Баяндамашы өз сөзінде камералдық бақылау барысында жиі анықталатын заңбұзушылықтарға тоқталды. Баяндамада орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының шарт талаптарына сәйкестігін тексеру, сондай-ақ тәуекел бейініне сәйкес тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемін растау мәселелері қарастырылды.

Анықталған сәйкессіздіктерді жою тәсілдері, оның ішінде орындалған жұмыстар актілерін кері қайтарып алу және түзету, тиісті жобалау-сметалық құжаттаманы немесе оны алмастыратын құжаттарды, электрондық шот-фактураларды және өзге де растайтын құжаттарды ұсыну тәртібі. Сонымен қатар камералдық бақылауды жүргізу мерзімдеріне, орындалған жұмыстарды қабылдау кезіндегі тапсырыс берушінің жауапкершілігіне және шарттық міндеттемелерді орындау барысында өнім берушінің жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және ашық іскерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.