БҚО-да «Тәлімгерлер мектебі» аясында 110 маман біліктілігін арттырды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлерде дуальды оқыту жүйесін дамыту және кәсіпорындарда жас кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында дәстүрлі «Тәлімгерлер мектебі» курстарын өткізуді жалғастыруда.
Бағдарламаның басты мақсаты — өндірістік орталықтар мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтып, өндіріс басында жүрген мамандардың педагогикалық әрі тәлімгерлік дағдыларын жетілдіру.
«Тәлімгерлер мектебінің» негізгі бағыттары:
Дуальды оқытуды дамыту: Оқу орындары мен кәсіпорындардың өзара тиімді ынтымақтастығын жолға қою.
Құзыреттілікті арттыру: Тәлімгерлердің кәсіби және педагогикалық біліктілігін шыңдау.
Жас мамандарды бейімдеу: Жаңадан келген кадрларды жұмыс орнында сапалы оқытып, жүйелі бейімдеу.
Сертификаттау: Курс қорытындысы бойынша мамандардың білімін бағалап, ресми куәліктер тапсыру.
Батыс Қазақстан облысында өткен екі күндік қарқынды оқыту курсында педагогика негіздері мен заманауи тәлімгерлік әдістерін меңгерген кәсіпорын өкілдеріне Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы атынан арнайы сертификаттар табысталды.
Анықтама: «Тәлімгерлер мектебі» жобасы елімізде және өңірімізде алғаш рет 2025 жылдың сәуірінде өткен облыстық тәлімгерлер слетінде бастау алған болатын. Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 45 маман оқытудан өтсе, 2026 жылдың өзінде-ақ түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардан 110 тәлімгер оқуды сәтті аяқтады.
Әрбір жас маманның кәсіби тұлға болып қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып жүрген тәлімгерлеріміздің еңбегіне табыс тілейміз!
#Бқокәсіпкерлерпалатасы #палатапредпринимателейзко #максаткуланбаев #мақсатқұланбаев