Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі: бизнестің түйткілді мәселелері — бақылауда

15.10.2026
Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі: бизнестің түйткілді мәселелері — бақылауда

БҚО Кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда бизнес өкілдерін толғандырған өзекті мәселелер қаралды.

Жиын барысында қатысушылар нақты шаралар қабылдауды және тиімді шешімдер әзірлеуді талап ететін, кәсіпкерлер көтерген түйткілді жайттарды талқылады.

Атап айтқанда, автоматтандырылған камералдық бақылау әдістемесінің жетілдірілмегені сөз болды. Бұл кемшілік налоговиктің кассалық әдіс пен есептеу әдісі бойынша есептелген көрсеткіштерді формалды түрде салыстырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды жаппай жолдауынан көрінеді. Тауарды жөнелту мен төлем арасындағы уақыт айырмашылығын жүйе алгоритмдері «кірісті төмендету» или «есептілікті ұсынбау» ретінде қабылдайды.

Теміржол тарифтерінің өсуі, жөнелту жоспарларының келісілмеуі және тепловоздардың жетіспеушілігі салдарынан өнімді жедел жөнелтуге мүмкіндік бермей отырған түйткілді мәселені теміржол тасымалын пайдаланатын өндірістік кәсіпорындар өкілдері көтерді.

Бұдан бөлек, талқылауды және тиісті шешімдер қабылдауды талап ететін басқа да сұрақтар қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша аталған мәселелерді орталық мемлекеттік органдармен бірлесе пысықтау үшін «Атамекен» ҚР ҰКП-ға жолдау туралы шешім қабылданды.

Кеңесте бизнес өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізу тәжірибесін жалғастыру, уәкілетті органдарға тиісті ұсыныстар мен ескертпелерді бағыттау, сондай-ақ тапсырмалардың орындалуын әрі өңірлік және республикалық деңгейдегі мәселелердің шешілу динамикасын тұрақты бақылауда ұстау қажеттілігі атап өтілді.

Сонымен қатар, кеңесте «Атамекен» ҚР ҰКП-ның алдағы кезекті XIV Съезіне дайындық мәселелері талқыланып, үстіміздегі жылдың қараша айында Съезд жұмысына қатысатын делегаттар сайланды.

Кеңестің күн тәртібіне бизнесті қолдаудың жаңа құралдары мен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктері, оның ішінде Қазақстандағы бизнесті цифрландырудың бірыңғай экожүйесі — BusinessGO платформасы талқылауға шығарылды.

Өңірлік кеңес мүшелері BusinessGO платформасын енгізуді қолдап, оның кәсіпкерлікті дамытудағы маңыздылығын ерекше атап өтті. Онлайн-кассаны, фискалдық деректер операторы сервистерін, тауарды есепке алу жүйесін, маркетингтік құралдарды және қосымша кызметтерді бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіру кәсіпкерлерге күнделікті бизнес-процестерді жеңілдетуге, басқару тиімділігін арттыруға және ағымдағы тапсырмаларды шешуге кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. #бқокәсіпкерлерпалатасы #палатапредпринимателейзко #максаткуланбаев #мақсатқұланбаев