Кәсіпкер күні аясында Қарағандыда өңірдің үздік тауарлары анықталады
29 қазанда Қарағандыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсы өтеді. Іс-шараға Қарағанды облысының 100-ден астам бренді қатысып, өз өнімдерін ұсынады. Көрме Кәсіпкер күніне орай ұйымдастырылады.
Көрме Garden Hall мейрамхана кешенінде өтеді. Келушілер жергілікті өндірушілердің өнімдерімен танысып, дегустацияларға, шеберлік сабақтарына қатыса алады. Сондай-ақ AVISHU бренді мен GULNUR ательесінің сән көрсетілімі ұсынылады.
Конкурсқа қатысушылар үш номинация бойынша бақ сынайды: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Финалистердің өнімдерін тәуелсіз сарапшылар бағалайды. Әр номинация бойынша үш жеңімпаз анықталып, барлығы тоғыз компания республикалық кезеңде Қарағанды облысының атынан қатысады.
«Қазақстанның үздік тауары» конкурсы отандық тауар өндірушілерді қолдауға, жергілікті өнімдерді ілгерілетуге және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Өңірлік компаниялар үшін бұл Кәсіпкер күні аясында Қарағандыда өңірдің үздік тауарлары анықталады
29 қазанда Қарағандыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсы өтеді. Іс-шараға Қарағанды облысының 100-ден астам бренді қатысып, өз өнімдерін ұсынады. Көрме Кәсіпкер күніне орай ұйымдастырылады.
Көрме Garden Hall мейрамхана кешенінде өтеді. Келушілер жергілікті өндірушілердің өнімдерімен танысып, дегустацияларға, шеберлік сабақтарына қатыса алады. Сондай-ақ AVISHU бренді мен GULNUR ательесінің сән көрсетілімі ұсынылады.
Конкурсқа қатысушылар үш номинация бойынша бақ сынайды: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Финалистердің өнімдерін тәуелсіз сарапшылар бағалайды. Әр номинация бойынша үш жеңімпаз анықталып, барлығы тоғыз компания республикалық кезеңде Қарағанды облысының атынан қатысады.

«Қазақстанның үздік тауары» конкурсы отандық тауар өндірушілерді қолдауға, жергілікті өнімдерді ілгерілетуге және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Өңірлік компаниялар үшін бұл - өз өнімдерін кеңінен таныстыруға, тұтынушылардың назарын аударуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік.
Кәсіпкер күні аясында өңірдің дамуына үлес қосқан, өнім сапасын арттырған, инновациялар мен цифрлық шешімдерді енгізген, әлеуметтік жауапкершілік танытқан және туризмді дамытуға атсалысқан кәсіпкерлер де марапатталады. Бұл марапаттар заманауи технологияларды енгізіп, қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асырып, бизнесті жауапкершілікпен жүргізетін компаниялардың еңбегін атап өтуге мүмкіндік береді. Аталған бағыттар Цифрландыру және жасанды интеллект жылындағы басымдықтармен, сондай-ақ «Адал азамат» қағидаттарымен үндеседі.
Бағдарлама аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы бизнес-идеялар байқауының жеңімпаздары да марапатталады. Байқаудың бастамашысы - Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі. Жоба екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Жалпы жүлде қоры - 4 миллион теңге. Қатысушылар жобаларын төрт бағыт бойынша ұсынады: жасанды интеллект, робототехника және IT; агроөнеркәсіптік кешен және қайта өңдеу; экологиялық бизнес-шешімдер; өңдеу өнеркәсібі.
Күні: 2026 жылғы 29 қазан
Өтетін орны: Garden Hall мейрамхана кешені, Қарағанды қаласы
Көрменің басталуы: сағат 09:00