Тариф мәселелерінен кадр даярлауға дейін: «Атамекен» ҰКП күзет саласындағы түйткілдерді талқылады

21.10.2026
Тариф мәселелерінен кадр даярлауға дейін: «Атамекен» ҰКП күзет саласындағы түйткілдерді талқылады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында күзет қызметін дамытудың өзекті мәселелеріне, кадрларды кәсіби даярлауға және жекеменшік күзет ұйымдарының экономикалық тұрақтылығына арналған кеңес өтті. Кездесуге шамамен 180 күзет ұйымының өкілдері мен сала мамандарының қатысты.

Кеңес барысында «Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері саланың қазіргі жағдайына шолу жасап, нысандарды күзетудің сапасы мен сенімділігіне әсер ететін негізгі факторларды атап өтті.

Қауымдастық деректері бойынша, бүгінде Қазақстанда 3 725 жекеменшік күзет ұйымы тіркелген, олардың 592 филиалы мен 233 өкілдігі бар (барлығы 4 550 күзет қызметі субъектісі), онда 97 мыңнан астам күзетші еңбек етуде. Оның ішінде 933 компания терроризмге қарсы қорғалуға тиіс объектілерді қоса алғанда, барлық объектілерді күзетуге құқық беретін бірінші кіші санаттағы лицензияға ие. Бұл ретте тіркелген субъектілердің шамамен үштен бірі (1 347 немесе 29,6%) күзетілетін нысандарының болмауына байланысты уақытша жұмыс істемей тұр. Сонымен қатар, елде күзет дабылқағарлары құралдарын құрап-жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын 844 субъект бар, ал кадрларды даярлауды 85 оқу орталығы мен филиал жүзеге асыруда.

Талқылауда қаралған негізгі мәселелердің бірі күзет қызметтеріне берілетін ең төменгі тарифтер проблемасы болды. Сала өкілдері қолданыстағы бағалар мен тендер өткізу кезіндегі демпинг қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етуді қиындататынын атап өтті. Ал, күзет ұйымдарының қызметі еңбекақы төлеуге, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, арнайы киімге, байланыс құралдарына, арнайы жабдықтарға, кезекші бөлімдер мен жедел әрекет ететін мобильді топтарды ұстауға айтарлықтай шығындарды талап ететіні айтылды.

Изображение

Изображение

Сондай-ақ, жиын барысында салықтық реформалардың күзет ұйымдарының қаржылық жағдайына тигізетін әсері де талқыланды. Қатысушылардың пікірінше, тапсырыс берушілердің артық шығындарды өтеуге дайын болмауы жағдайында салық жүктемесінің артуы компаниялардың тұрақты жұмысына қосымша кедергілерді туындатады.

Отырыста күзетшілерді кәсіби даярлау мәселелері де талқыланды. Жиынға қатысушылар оқыту сапасын арттыру, оқудың іс-тәжірибелік бөлігін күшейту және қызметкерлердің физикалық дайындығын дамыту қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, заңнаманы жетілдіру және салалық қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл мәселелері де қозғалды.

Изображение

«Атамекен» ҰКП бизнес пен мемлекет арасындағы диалог алаңы ретінде әрі кәсіпкерлердің бастамасын ілгерілету тұрғысынан бұл түйткілдерді шешуде маңызды рөл атқарады. Осы жұмыстың жалғасы ретінде Ұлттық палата Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр. Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі терроризмге қарсы қорғалуға тиіс объектілерді күзету кезінде тариф белгілеу мәселелері болмақ.

Кеңес қорытындысы бойынша саланың жүйелі мәселелерін шешу үшін кәсіби қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру қажеттігі айтылды. Қатысушылар бұл мәселелерді шешу күзет бизнесінің тұрақтылығы үшін ғана емес, сонымен қатар азаматтарды, кәсіпкерлерді және күзетілетін нысандарды сенімді қорғауды қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті.