Кәсіпкерлер электрсамокаттарды жаппай арнайы тұрақтарға жеткізу мәселесін көтерді

21.10.2026
Кәсіпкерлер электрсамокаттарды жаппай арнайы тұрақтарға жеткізу мәселесін көтерді

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында электрсамокат операторларының жұмысына қатысты мәселелер талқыланды. Жиынға Астана қаласының Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС және кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлер электрсамокаттарды жаппай арнайы тұрақтарға жеткізу, оларды операторларға қайтару, техниканы тасымалдау мен сақтау, сондай-ақ тұрақ орындарын ұйымдастыру мәселелерін көтерді.

Изображение

Бұған дейін аталған мәселелер Бірыңғай есеп беру күнінде де көтерілген болатын. Кәсіпкерлердің айтуынша, қалыптасқан жағдай қаржылық шығындарға әкеліп, сервистердің жұмысына қиындық туғызуда.

Жиын барысында арнайы тұрақтарға жеткізілген электрсамокаттарды рәсімдеу және операторларға қайтару тәртібі, сондай-ақ техниканы оператор қызметкерлерінің жинап, тасымалдауы мәселелері талқыланды.

Астана қаласының Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, арнайы тұрақтарға жеткізілген электрсамокаттарды операторларға қайтару жақын арада басталады.

Изображение

Сонымен қатар электрсамокаттарға арналған арнайы тұрақ орындарын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Кәсіпкерлерге Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына жүгініп, «City Transportation Systems» ЖШС тәжірибесін ескере отырып, тұрақтарды орналастыруға болатын орындарды бірлесіп пысықтау ұсынылды.

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Әлин «JET Sharing» ЖШС-ні электрвелосипедтерді пайдалану және айыппұлдарды бөлуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі қолданыстағы жұмыс тобының құрамына енгізу қажеттігін атап өтті.

 

Изображение

Жиын барысында көтерілген мәселелер жұмыс тобының алаңында бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталатын болады.