«Атамекен» мен QAZCONTENT өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

21.10.2026
«Атамекен» мен QAZCONTENT өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «QAZCONTENT» акционерлік қоғамы ақпараттық жұмысты дамытуға, іскерлік коммуникацияларды кеңейтуге және отандық кәсіпкерлікті кеңінен танытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат аясында қазақстандық бизнестің қызметін ақпараттық сүйемелдеу, сараптамалық және ақпараттық-түсіндіру материалдарын әзірлеу, кәсіпкерлер мен салалық сарапшылардан сұқбат алу, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлік бастамаларды ілгерілету бағыттарында бірлескен жұмыс жүргізу көзделген.

Меморандумға «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Жеңіс Тайшытаев пен «QAZCONTENT» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Сейфуллин қол қойды.

Изображение

«Бүгінде кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасаумен қатар, қоғамды отандық бизнестің жетістіктері, мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы кеңінен хабардар ету маңызды. Әрбір кәсіпорынның артында адамдар, идеялар, еңбек және нақты нәтижелер тұр. QAZCONTENT-пен ынтымақтастық кәсіпкерлік бастамалардың ақпараттық ауқымын кеңейтуге, табысты жобалар туралы баяндауға және бизнес өкілдерін толғандыратын мәселелерге көбірек назар аударуға мүмкіндік береді», – деді Жеңіс Тайшытаев.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – «Атамекен» ҰКП-ның Business go және ABConnect жобаларын, сондай-ақ «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» ұлттық конкурстарын ақпараттық сүйемелдеу.

Изображение

Бірлескен жұмыс аясында жарияланымдар, сұхбаттар, бейнеподкасттар, қысқа бейнероликтер мен сараптамалық материалдар әзірленеді. Сондай-ақ Палата басшылығының, бизнес өкілдері мен салалық сарапшылардың QAZCONTENT медиажобаларына қатысуы көзделген.

«Бүгінде Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік деңгейде үлкен мән беріліп отыр. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдау, оның дамуына қолайлы жағдай жасау және іскерлік ахуалды нығайту қажеттігін дәйекті түрде атап келеді. QAZCONTENT үшін бұл күн тәртібіндегі тақырыптың кең аудиторияға түсінікті әрі қолжетімді болуы маңызды. Біз тек табысты кәсіпкерлер мен компаниялар туралы баяндап қана қоймай, аудиториямызды бизнеске арналған мүмкіндіктер, өзекті өзгерістер, қолдау шаралары және кәсіпкерлер қауымдастығын толғандыратын мәселелер туралы тұрақты түрде хабардар еткіміз келеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен серіктестік осы тақырыптарды жүйелі түрде қамтуға, кәсіпкерлер мен сарапшыларды диалогқа тартуға және өңірлердегі бизнес-жобаларды медиакеңістікте кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Әділ Сейфуллин.

Изображение

Бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, тараптар QAZCONTENT медиөнімдері мен контент әзірлеу мүмкіндіктерін кәсіпкерлер қауымдастығына таныстыруды, салалық қауымдастықтармен және өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен кездесулер ұйымдастыруды, сондай-ақ келісілген бастамалар мен материалдарды өзара ақпараттық ілгерілетуді қарастырады.

Ынтымақтастық мерзімі – бір жыл. Тараптардың өзара келісімі бойынша меморандумның қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін.