БҚО Кәсіпкерлер палатасы өңірдің кадрлық әлеуетін дамыту үшін бизнес пен білім беру саласының күшін біріктіруде

21.10.2026
БҚО Кәсіпкерлер палатасы өңірдің кадрлық әлеуетін дамыту үшін бизнес пен білім беру саласының күшін біріктіруде

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы өңірдің кадрлық әлеуетін арттыру және білім алушы жастарға кәсіптік бағдар беру жүйесін жетілдіруге бағытталған бірлескен жұмыс кездесуін ұйымдастырды.

Іс-шараға Орал қаласы мен облыс аудандарының мектептерінен, колледждерінен және жоғары оқу орындарынан 70-ке жуық кәсіби бағдар беруші маман қатысты.

Кездесудің басты мақсаты — білім беру жүйесі мен экономиканың нақты секторы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, кәсіптік бағдар беру жұмысының тиімділігін арттыру, заманауи цифрлық және практикалық құралдарды енгізу, сондай-ақ ағымдағы оқу жылына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын келісу болды.

«Бүгінде өңірлік бизнес білікті кадрларға жоғары мұқтаждық сезінуде. Жастар БҚО еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды саналы түрде таңдауы үшін мектеп қабырғасынан бастап ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) орындары мен ЖОО-ларға дейінгі аралықта бірыңғай әрі тиімді кәсіптік бағдар беру жүйесін құру қажет», — деп БҚО Кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Абулкаирова.

Жиынға БҚО Білім басқармасының өкілдері, білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар берушілері мен мамандары қатысты. Облыстың шалғай аудандарынан келген сарапшылар үшін кездесу онлайн-форматта ұйымдастырылып, бұл бүкіл өңір мамандарын қамтуға мүмкіндік берді.