Business GO: Ұлытау облысының кәсіпкерлері үшін жаңа цифрлық мүмкіндіктер

20.10.2026
Business GO: Ұлытау облысының кәсіпкерлері үшін жаңа цифрлық мүмкіндіктер

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында шағын және орта бизнес жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Кеңес барысында кәсіпкерлердің өзекті мәселелері қаралып, «Business GO» жаңа цифрлық платформасының таныстырылымы өткізілді.Business GO платформасын «Бір ауыл – бір өнім» жобасының спикері әрі менторы Жұлдыз Рахимбекова таныстырды. Ол платформа ұсынатын сервистер мен оларды кәсіпкерлік қызметте пайдалану мүмкіндіктері туралы айтып берді.Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Сырым Бижаксин кәсіпкерлік субъектілері арасындағы ақша аударымдары кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолдану, фискалдық чектер беру және электрондық шот-фактураларды рәсімдеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің ақпараттану деңгейін арттыруға, цифрлық сервистерді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображение