«Атамекен»: жастардың кәсіпкерлік дағдылары – болашақ бизнестің негізі

27.10.2026
«Атамекен»: жастардың кәсіпкерлік дағдылары – болашақ бизнестің негізі

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Жеңіс Тайшытаев студенттер мен мектеп оқушылары арасындағы кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға арналған Enactus Kazakhstan Collaboration Forum 2026 форумында сөз сөйледі.

Форум тәжірибе алмасуға, жастар кәсіпкерлігінің даму перспективаларын талқылауға және инновациялық идеяларды қолдауға арналған алаңға айналды. Іс-шарада жас кәсіпкерлердің әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудегі, сұранысқа ие өнімдер мен қызметтерді жасаудағы және бәсекеге қабілетті бизнесті дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Enactus Kazakhstan мектеп оқушылары мен студенттерге кәсіпкерлік пен басқару саласында практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Қозғалыс қатысушылары қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобалар әзірлеп, командада жұмыс істеуді үйренеді және идеяларын нақты бастамаларға айналдырады.

Изображение

Enactus Kazakhstan мәліметінше, қозғалыс еліміздің 20 өңірін қамтып, 180 белсенді команданы біріктіреді. Бағдарламаға жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептерді қоса алғанда, 130-дан астам білім беру ұйымы қатысады.

Форумда сөз сөйлеген «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Жеңіс Тайшытаев белсенді жастарды қолдау отандық бизнестің және ел экономикасының болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

«Жастар кәсіпкерлігін қолдау – қазақстандық бизнестің болашағына салынған инвестиция. Кәсіпкерлік дегеніміз – жаңа компаниялар құру мен жұмыс орындарын ашу ғана емес, сонымен қатар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлерді дамытуға және қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін қызмет. Enactus сияқты алаңдар жастарға практикалық тәжірибе жинақтауға, өз әлеуетін ашуға және перспективалы идеяларын нақты жобаларға айналдыруға көмектеседі», – деді Жеңіс Тайшытаев.

Изображение

Оның айтуынша, экономикалық және технологиялық өзгерістер қарқын алған қазіргі кезеңде ынтымақтастыққа дайын болу, жаңа жағдайларға бейімделу және тың шешімдер таба білу ерекше маңызды. Бұл дағдылар жастарға кәсіби жолын қалыптастырумен қатар, қоғам мен нарық сұранысына сай тұрақты бизнес-жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.

«Атамекен» ҚР ҰКП жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуды жаңа буын іскер көшбасшыларын қалыптастырудың маңызды бағыты ретінде қарастырады. Жастардың бастамаларын қолдау, олардың құзыреттері мен практикалық тәжірибесін дамыту жаңа бизнес-идеялардың пайда болуына, жұмыс орындарының ашылуына және Қазақстан экономикасының нығаюына ықпал етеді.