Павлодар облысының «Атамекен» палатасы бизнесті Мәскеудегі форумға қатысуға шақырады
Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы өңірдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерін 2026 жылғы 23–24 қарашада Мәскеу қаласындағы «Ресей» ұлттық орталығында өтетін Халықаралық муниципалдық форумға (ХМФ) қатысуға шақырады.
Форумды Ресей Федерациясы Үкіметінің қолдауымен «Росконгресс» қоры ұйымдастырады, ал бас серіктесі – Мәскеу қаласының Үкіметі.
«Форумның күн тәртібі тәжірибе алмасу және муниципалитеттерді тұрақты әрі инновациялық дамыту, жайлы қалалық орта қалыптастыру бағытында бірлескен шешімдер әзірлеу мәселелеріне арналады. Оның ішінде шағын қалалар мен тарихи елді мекендерді дамытуға арналған нақты құралдарға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ қалаларды дамыту бойынша әлемдік озық тәжірибелерді іс жүзінде енгізу мақсатында муниципалдық құрылымдардың командаларын оқыту және кадрлар даярлау міндетіне басымдық беріледі», – дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Шайхислам.
Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, қала құрылысы саласының жетекшілері мен сарапшылар қатысады. Негізгі іс-шара – «Қалаларды тұрақты трансформациялау: жаһандық сын-қатерлерге жауап» тақырыбына арналған пленарлық отырыс.
ХМФ-2026 аясында көрме экспозициясы да ұйымдастырылады. Ол ресейлік және шетелдік қатысушыларға муниципалдық құрылымдарды тұрақты дамытуға бағытталған стратегиялық жобалары мен бастамаларын таныстыруға мүмкіндік береді.