Павлодар облыстық «Атамекен» палатасының директоры Кәсіпкерлер күніне орай бизнес өкілдерін марапаттады
Павлодар облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлер күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті. ӨКП директоры Айдос Шайхислам бизнес-қоғамдастық өкілдері мен «Атамекен» ӨКП ұжымын мерекемен құттықтады.

«Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз, бастамашылдығыңыз және дамуға деген ұмтылыстарыңыз еліміздің экономикасына елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстанның іскерлік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Бизнестеріңізге тұрақтылық, сенімді өсім және табысты жобалар тілеймін. Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне де ерекше алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершілікпен атқаратын еңбектеріңіз және белсенді ұстанымдарыңыздың арқасында бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіліп, оның мүдделері қорғалып, дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Баршаңызға табыс, кәсіби жетістіктер және алдағы уақытта да жемісті еңбек тілеймін», – деді ол.

Айдос Шайхислам келе жатқан мерекеге орай марапатталған бизнес өкілдері мен Палата қызметкерлеріне наградалар табыс етті.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевтың алғыс хаттарымен «Рубиком» кәсіпорны» ЖШС бас директоры Елена Осинская мен «Қазэнерокабель» АҚ бас директоры Дмитрий Цымбал марапатталды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен Қазақстан тасымалдаушылар ұлттық қауымдастығының президенті, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының логистика және цифрландыру жөніндегі салалық кеңесінің мүшесі Павел Телицын, «Талапкер» шаруа қожалығының басшысы, «Атамекен» өңірлік палатасының агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі салалық кеңесінің төрағасы Амангелді Бисембинов және Кәсіпкерлер палатасының сертификаттау жөніндегі маманы Альфия Каскыр марапатталды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының III дәрежелі «Іске адалдығы үшін» медалі Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Ақсу қаласындағы филиалының директоры Сайлаугүл Жақуповаға табысталды. Ал «Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрметті қызметкері» төсбелгісі «Атамекен» ӨКП тауарлардың шығу тегін сертификаттау жөніндегі маманы Светлана Воронцоваға берілді.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құттықтағым келеді. Павлодар облыстық «Атамекен» палатасында біздің идеяларымызды ілгерілету бойынша белсенді жұмыс басталды. Біз көптеген мәселелерді халықаралық кездесулерде де, осында, ӨКП алаңында да талқыладық. Бизнес пен Палата арасында өзара байланыс орнады. Соның нәтижесінде біз біртұтас командаға айналдық», – деді Қазақстан тасымалдаушылар ұлттық қауымдастығының президенті, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының логистика және цифрландыру жөніндегі салалық кеңесінің мүшесі Павел Телицын.

«Құрметті әріптестер, сіздерге барлық жақсылықты, ашық аспан, зор денсаулық тілеймін! Қазақстанымыз өркендеп, кәсіпкерлеріміз мемлекетіміздің игілігі үшін табысты еңбек ете берсін», – деді кездесуде «Талапкер» шаруа қожалығының басшысы, «Атамекен» өңірлік палатасының агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі салалық кеңесінің төрағасы Амангелді Бисембинов.