«Атамекен» палатасы павлодарлық кәсіпкерлерді Алматыда өтетін Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумына қатысуға шақырады
30 қазанда Алматы қаласында алғашқы Қазақстан-Ауғанстан медициналық бизнес-форумы өтеді.
Форумға екі елдің денсаулық сақтау министрліктерінің, мемлекеттік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ фармацевтика және медицина салаларында жұмыс істейтін Ауғанстанның 40-қа жуық кәсіпорны қатысады.
«Іс-шара аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, іскерлік байланыстар орнатуға және қазақстандық өнімдерді Ауғанстан нарығына шығаруға бағытталған B2B кездесулері жоспарланған», – дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Шайхислам.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 52, «Қазақстан» қонақүйі, «Grand Palace» залы.
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/MnKQAHsyhJARSK7V7