АӨК-ке инвестициялар: Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Арқалық өңірінде суармалы жер көлемі ұлғаюда
Инвестициялық субсидиялау жөніндегі комиссиялардың жұмысы аясында Арқалық қаласы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Қуаныш Латыпов «КМК Агрохолдинг» ЖШС кәсіпорнына жұмыс сапарымен барды.
Сапар өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Егін өнімділігін арттыру және суды үнемдейтін заманауи технологияларды енгізу үшін «КМК Агрохолдинг» ЖШС жаңбырлатып суару қондырғысын сатып алды. Бұл жабдық 90 гектар алқаптағы ауыл шаруашылығы дақылдарын сапалы суаруға мүмкіндік береді.
Заманауи суару жүйелерін енгізу — өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыру жолындағы маңызды қадам. Кәсіпкерлер палатасының филиалы аграршыларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл консультациялық сүйемелдеуден және құжаттарды рәсімдеуге көмектесуден бастап, бизнестің құқықтарын қорғауға және мемлекеттік қолдау шараларын, соның ішінде инвестициялық субсидияларды алуға жәрдемдесуге дейінгі жұмыстарды қамтиды, — деп атап өтті Арқалық қаласы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Қуаныш Латыпов.
Инвесторларға қолдау көрсету және агроөнеркәсіптік жобаларды сүйемелдеу Кәсіпкерлер палатасы филиалдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау бағытындағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда.