Өнер, технологиялар және ақылды бизнес: Рудный қаласының мүсіншісі BusinessGO көмегімен кәсібін қалай дамытып келеді?

27.10.2026
Өнер, технологиялар және ақылды бизнес: Рудный қаласының мүсіншісі BusinessGO көмегімен кәсібін қалай дамытып келеді?

Әрбір табысты бизнес идеядан басталады, ал оның тұрақты дамуы дұрыс таңдалған құралдарға байланысты. Бүгінде цифрлық технологиялар ірі кәсіпорындарды ғана емес, шығармашылық шеберханаларды да қамтып отыр. Бұған Рудный қаласындағы дәстүрлі өнер мен заманауи IT-шешімдер үйлесім тапқан оқиға айқын дәлел.

Біз бұған дейін талантты мүсінші-суретші Серікжан Ищанов туралы жазған болатынбыз. Серікжан ғимараттар мен үй-жайларды көркем безендірумен, сондай-ақ ерекше мүсіндер жасаумен кәсіби түрде айналысады. Оның туындылары қаланың келбетін өзгертіп, интерьерлерге өзіндік стиль мен өнер рухын сыйлайды.

Шығармашылық кәсіпте де қаржылық есеп жүргізу, төлемдерді қабылдау және заң талаптарын сақтау мәселелерін айналып өту мүмкін емес. Күнделікті шаруалар өнер туындыларын жасауға кедергі келтірмеуі үшін Серікжан BusinessGO экожүйесі аясында GreenKassa онлайн-кассасын қосты.

 

Біздің жұмысымызда ең бастысы — жобаға және шығармашылық үдеріске толықтай берілу, — дейді Серікжан Ищанов. — BusinessGO экожүйесімен жұмыс жүргізу әлдеқайда жеңілдеді. Оның басты артықшылығы — қолжетімді баға. Барлық қызметтерді қамтитын жылдық жазылым небәрі 15 000 теңге тұрады. Бұл нарықтағы басқа ұсыныстармен салыстырғанда қаражатты едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық жасақтама мен жабдық үшін артық төлем жоқ! Сонымен қатар GreenKassa мінсіз жұмыс істейді: чектер ОФД-ға бірден жіберіледі, барлығы заң талаптарына сай әрі ашық жүзеге асырылады.

 

Рудныйлық шебердің тәжірибесі бизнесті автоматтандырудың қолжетімді әрі ыңғайлы бола алатынын көрсетеді.

 

BusinessGO экожүйесіне қосылыңыздар, заң аясында жұмыс істеп, үнемделген қаражатты өз ісіңізді дамытуға бағыттаңыздар. Бизнесіңізді бүгіннен бастап BusinessGO көмегімен ақылды етіңіз, — деп кеңес береді Серікжан Ищанов.