Аймақтық колледждермен жасалған меморандумдар аясында ұйымдастырылған кәсіби бағдар беру экскурсиясы
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы мен өңір колледждері арасында жасалған меморандумдар аясында «Аспаз» мамандығы бойынша білім алып жатқан Технология және сервис колледжінің студенттеріне «Ұлытау нан» нан зауытына кәсіптік бағдар беру экскурсиясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — болашақ мамандарды тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорнының жұмыс ерекшеліктерімен таныстыру.
Экскурсия барысында нан зауытының өкілдері студенттерді бірнеше өндірістік учаскенің жұмысымен таныстырды. Атап айтқанда, қамыр илеу, нан пісіру және дайын өнімді қаптау цехтарының жұмыс барысы көрсетілді. Сонымен қатар студенттер дайын өнімді тасымалдау үдерісімен танысты.
Экскурсия соңында студенттерге «Ұлытау нан» нан зауытының өнімдерінен дәм тату мүмкіндігі ұсынылды.
Технология және сервис колледжінің студенттері мен әкімшілігі экскурсияны ұйымдастырғаны және кәсіпорынның жұмысымен танысуға мүмкіндік бергені үшін Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасына және «Ұлытау нан» нан зауытының ұжымына алғыс білдірді.
Кәсіпкерлер палатасының өңір колледждерімен жасалған меморандумдар аясындағы ынтымақтастығы білім беру мен бизнес арасындағы байланысты нығайтуға және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.


