Салық саласындағы өзгерістер: Абай облысының кәсіпкерлеріне Мемлекеттік кірістер департаменті түсініктеме берді

14.10.2026
Салық саласындағы өзгерістер: Абай облысының кәсіпкерлеріне Мемлекеттік кірістер департаменті түсініктеме берді

2026 жылғы 15 қазанда Абай облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Кездесуге өңір кәсіпкерлері шақырылып, қолданыстағы салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген нормалары түсіндірілді.

Атап айтқанда, жиын барысында төмендегі мәселелер бойынша түсініктемелер берілді:

  • корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу шегін көтеру;

  • әлеуметтік салық мөлшерлемелерін қайта қарау;

  • жеке табыс салығы бойынша базалық шегерім мөлшерін ұлғайту;

  • камералдық бақылау жүргізу тәртібіндегі өзгерістер;

  • электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру тәртібіндегі өзгерістер, сондай-ақ шығыс операцияларын тоқтата тұру және дебиторлардың шоттарынан қаражатты өндіріп алу арқылы салық берешегін өндіріп алу шаралары;

  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеу мерзімін кейінге қалдыру және бөліп төлеу мүмкіндіктері.

Бұған дейін, 2026 жылғы 22 қыркүйекте де осындай жиын өткізіліп, оған кәсіпкерлердің басқа тобы шақырылған болатын.

 

Изображение

Кәсіпкерлер арасында әлі де ерекше қызығушылық тудырып отырған мәселелердің қатарында:

  • электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру;

  • камералдық бақылау жүргізу тәртібіндегі өзгерістер;

  • салық органынан дебиторлық берешекті растау туралы хабарламалар алу мәселелері бар. Соңғы жағдайда хабарлама жолданған дебиторлар банкрот деп танылуына, қызметін тоқтатуына, бірінші басшысы немесе бас бухгалтері ауысуына және өзге де себептерге байланысты байланысқа шықпайтын жағдайлар кездеседі.

Өткізілген кездесулер кәсіпкерлік субъектілерінің салық міндеттемелерін орындау барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға және салық заңнамасының нормаларын қолдану бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

Аталған жиындар барысында кәсіпкерлер көтерген мәселелерді одан әрі пысықтау мақсатында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне келіп түскен сұрақтардың тізімі жолданды. Оның мақсаты – мәселелерді салық органында қарастырып, олар бойынша тиісті түсініктемелер мен жауаптар алу мүмкіндігін қарастыру.

Мемлекеттік кірістер органынан алынған жауаптарды Абай облысының Кәсіпкерлер палатасы мүдделі кәсіпкерлерге жеткізеді. Бұл қарастырылып отырған мәселелер бойынша ортақ түсінік қалыптастыруға және мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ықпал етеді.

Сонымен қатар жиын барысында ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелік мәселесі бойынша ақпарат тыңдалып, міндетті мүшелік жарналарды (ММЖ) есептеу және төлеу тәртібінің негізгі ережелері түсіндірілді.