Бизнес қауіпсіздігі мен жоғары стандарттар: Қазақстанда жылдың үздік күзет ұйымдары анықталды

30.10.2026
Бизнес қауіпсіздігі мен жоғары стандарттар: Қазақстанда жылдың үздік күзет ұйымдары анықталды

Жыл сайын өткізілетін «Жылдың үздік жеке күзет ұйымы – 2026» республикалық конкурсы Қазақстанда дәстүрлі түрде 29 қазанда атап өтілетін Кәсіпкерлер күні мен Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күніне орайластырылған. Жеке күзет секторы – отандық кәсіпкерліктің маңызды құрамдас бөлігі, ол мыңдаған жұмыс орнын қамтамасыз етіп, елдегі іскерлік ортаның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне елеулі үлес қосады. Конкурсты өткізу нарық көшбасшыларын анықтауға, кәсіби стандарттарды арттыруға және саланың жүйелі дамуына бағытталған. Бұл маңызды іс-шараның теңдей ұйымдастырушылары – ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Ішкі істер министрлігі және ҚР Күзет ұйымдарының қауымдастығы.

Конкурсты өткізу Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар мен кәсіби қоғамдастықтың сындарлы өзара іс-қимылын ғана емес, сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, бизнесті қорғаудағы және жұмыс орындарын құрудағы жеке күзет ұйымдарының маңызды рөлін тануды көрсетеді.

Бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін қатысушылар қызметкерлердің штаттық санына байланысты ішкі топтарға бөлінді.

Конкурстық материалдарды қарау нәтижелері бойынша бірінші кіші топта (күзетшілер саны 500-ге дейін) «KANLY SECURITY» ЖШС (Алматы қ.) және «Акинак Бодигард» ЖШС (Алматы қ.) жеңіске жетті.

Екінші кіші топта (күзетшілер саны 1 000-нан астам) «Қорғау қызметі» ЖШС (Қарағанды қ.) мен «ГРУПП Четыре» ЖШС (Алматы қ.) үздік деп танылды. Өз материалдарын ұсынған қалған күзет компаниялары дипломдармен марапатталды.

Мұндай іс-шараларды өткізу көрсетілетін қызметтер сапасының өсуін ынталандырып, кәсіби стандарттарды арттырады және саланы одан әрі дамыту үшін қосымша серпін береді. Палата кәсіпкерлердің құқығын қорғау, қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыру және күзет бизнесінің адал қатысушыларын қолдау бойынша жан-жақты жұмысты жалғастырады.