Оралда «Адал кәсіпкер» акциясының қорытындысы шығарылды: адал бизнестің үздіктері марапатталды

30.10.2026
Оралда «Адал кәсіпкер» акциясының қорытындысы шығарылды: адал бизнестің үздіктері марапатталды

 

БҚО Кәсіпкерлер палатасында «Адал кәсіпкер» өңірлік акциясы жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Кәсіпкерлер күніне (29 қазан) орайластырылған шара бизнес-қауымдастық, қадағалаушы және мемлекеттік орган өкілдерінің басын қосты. Акция БҚО Кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесуімен ұйымдастырылды. Бастама 2026 жылға арналған «Заң және тәртіп» республикалық идеологемасын ілгерілету жөніндегі жол картасының 78 және 97-тармақтарын орындау аясында жүзеге асырылды.

Жобаның басты мақсаты — бизнесті ашық жүргізуді қолдау, кәсіпкерлер арасында құқықтық сауаттылықты дәріптеу және мемлекет пен жеке сектор арасындағы конструктивті диалогты нығайту.

Салтанатты кездесуге БҚО Прокуратурасының, БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының (КІИДБ) және БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысты.

Ашық іріктеу және комиссия жұмысы

Лауреаттарды анықтау кезінде максималды объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылдың мамыр айында арнайы ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мына ұйымдардың мамандары кірді:

  • БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы;

  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаменті;

  • БҚО Мемлекеттік кірістер департаменті;

  • Аккредиттелген өңірлік бизнес-қауымдастықтар.

Жұмыс тобының 14 қазанда өткен кезекті отырысында сарапшылар үміткерлердің қызметін салық және еңбек заңнамасын сақтау, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік деңгейі бойынша егжей-тегжейлі бағалады.

Марапатқа лайықтылар анықталды

Жеңімпаздарға лайықты марапаттар мен алғыс хаттарды БҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің төрағасы Мурат Урынбаевич Джакибаев табыстады.

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша өңірдегі 7 бизнес-құрылым «Адал кәсіпкер» акциясының жеңімпазы болып танылды:

  1. «Шебер Craft» қолөнершілер қауымдастығы» ЗТБ (жетекшісі — Бабиева Тогжан Срымовна);

  2. «Зотова» ЖК (жетекшісі — Зотова Екатерина Игоревна);

  3. «Топан» ЖШС (директоры — Харчев Владимир Георгиевич);

  4. «QazExpoCentr – Pipe» ЖШС (директоры — Есекеева Ляззат Копжасаровна);

  5. «Dar Clinic Yeralina» ЖШС (директоры — Ералина Гаухар Зайыровна);

  6. «Кожжанова М.А.» ЖК (жетекшісі — Кожжанова Марта Алпамысовна);

  7. «Qadam» ЖК (жетекшісі — Ахметжанова Айнур Канатовна).

Құқықтық мәдениетті дамытуға серпін

Кездесуге қатысушылар шағын және орта бизнес үшін мұндай ынталандыру акциялары мен тұрақты профилактикалық шараларды өткізу орнықты құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, кәсіпкерлерге деген сенімді арттыруға және Батыс Қазақстан облысының экономикасында сау бәсекелестікті дамытуға ықпал ететінін атап өтті. #БҚОкәсіпкерлерпалатасы #палатапредпринимателейзко #максаткуланбаев #мақсатқұланбаев