Экзотикалық Үндістан: Павлодар облысының «Атамекен» палатасы Нью-Делидегі көрме туралы бизнес өкілдеріне хабарлайды

02.11.2026
Экзотикалық Үндістан: Павлодар облысының «Атамекен» палатасы Нью-Делидегі көрме туралы бизнес өкілдеріне хабарлайды

4–9 ақпан аралығында Үндістан Республикасының Нью-Дели қаласында «Bharat Mobility Global Expo – 2027» халықаралық көрмесі өтеді.

Көрме автомобиль өнеркәсібін, электрлі көлік саласын және көлік секторындағы инновациялық технологияларды қамтиды.

«Ұйымдастырушылар отандық кәсіпорындар мен бейінді қауымдастықтардың осы іс-шараға қатысуға қызығушылығы туралы ақпарат сұрап отыр», – дейді Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Шайхислам.

Осыған байланысты Павлодар облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы автомобиль жасау және көлік салаларында жұмыс істейтін отандық өндірушілерге аталған көрме туралы ақпарат береді.