Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

03.11.2026
Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі алғашқы Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталды. Құжатта ел дамуының алдағы кезеңіне арналған басым бағыттар айқындалған. Жолдаудың негізгі мақсаты - елдің экономикалық, қаржылық және технологиялық әлеуетін азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағыттау.

Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында қоғам өкілдері елордадағы түрлі ұйымдар мен кәсіби қауымдастықтармен кездесулер өткізуде. Осындай басқосулардың бірі Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.

Жиынға ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Құрылтай депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, жазушы-драматург Роза Мұқанова қатысты.

Изображение

Спикерлер Жолдауда көтерілген экономика, кәсіпкерлік және инвестиция тарту мәселелеріне тоқталып, осы бағыттар бойынша белгіленген міндеттердің маңызын түсіндірді.

Изображение

Кездесуді ашқан Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Әлин Жолдауда еліміздің алдағы даму кезеңіне арналған стратегиялық бағдарлар айқындалып, маңызды міндеттер белгіленгенін атап өтті. Оның айтуынша, оларды жүзеге асыруда кәсіпкерлік әлеуетті тиімді пайдалану, бизнес өкілдерінің ұстанымын ескеру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға қолайлы жағдай жасау айрықша мәнге ие.

Изображение

Сондай-ақ экономиканы әртараптандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, іскерлік белсенділікті арттыру және мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Ашық пікір алмасу барысында кәсіпкерлер спикерлерге өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

Изображение

Кездесу Жолдауда белгіленген басымдықтарды кәсіпкерлік орта тұрғысынан қарастыруға және оларды іске асырудың өзекті тұстарын айқындауға мүмкіндік берді.