Әлеуметтік бизнесті қолдаудың жаңа кезеңі: Кіші комитет Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту комитетінің құрамына енді

03.11.2026
Әлеуметтік бизнесті қолдаудың жаңа кезеңі: Кіші комитет Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту комитетінің құрамына енді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің отырысы өтті. Кездесудің басты оқиғасы – Кіші комитеттің «Атамекен» ҰКП Төралқасының Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту комитетінің құрылымына өтуі болды.

Отырысқа Кіші комитет мүшелері, сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік және әйелдер бизнесі бағытына жауапты өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері мен сарапшылары қатысты. Жауапты құрылымның ауысуы ҰКП Жұмыспен қамту, сервистік қолдау және әйелдер кәсіпкерлігі мәселелері жөніндегі департаментінің қызметін оңтайландырумен байланысты. Іс-шара Басқарушы директор – Департамент директоры Гулия Батырханқызының төрағалығымен өтті.

Отырысқа қатысушыларға Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту комитетінің төрағасы Лейла Куленова құттықтау сөз сөйледі. Ол елдегі әлеуметтік міндеттерді шешудегі әйелдердің басты рөлін атап өтіп, әлеуметтік бизнес мәселелерін әйелдер кәсіпкерлігінің құрылымына берудің стратегиялық маңыздылығы туралы айтты.

Изображение

«Комитет функционалын әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелерімен толықтыру әлеуметтік проблемаларды шешу тұрғысынан алғанда ерекше маңызға ие. Бұл қызмет ХӘОТ (халықтың әлеуметтік осал топтары) санатын жұмыспен қамтуға ықпал ету және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларында инклюзивті экономиканы дамыту мәселелерін қамтиды. Сөзсіз, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында басты бастамашылар – әйелдер. Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, биыл 1 қазандағы жағдай бойынша Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне 1 973 әлеуметтік кәсіпкер енгізілген, олардың шамамен 75%-ы – әйелдер», – деп атап өтті Лейла Куленова.

Отырыс барысында Кіші комитет басшысы Александр Соболев 2026 жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы есепті ұсынып, әлеуметтік бизнесті мемлекеттік және институционалдық қолдау тетіктерін іске асырудағы кешенді түйткілдерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Изображение

Іс-шараға өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері белсенді қатысты. Облыстардағы аталмыш бағытқа жауапты мамандар өзекті мәселелерді көтеріп, әлеуметтік кәсіпкерлердің жеңілдіктерін іске асыруға, ӨКП базасында ақпараттық қолдау шараларын ұйымдастыруға, сондай-ақ Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу кезіндегі әкімшілік кедергілерді азайтуға қатысты бірқатар практикалық ұсынысты талқылауға шығарды.

Талқылау қорытындысы бойынша Комитет төрағасы Кіші комитет мүшелері айтқан ұсыныстар жеке кездесулерде қосымша талқыланатынын атап өтіп, Кіші комитет жұмысының негізгі бағыттарын айқындап берді.