ҚССП Қазақстанның Мароккодағы Елшілігімен өзара іс-қимылды нығайтуда

04.11.2026
ҚССП Қазақстанның Мароккодағы Елшілігімен өзара іс-қимылды нығайтуда

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Мұрат Қарымсақов 2026 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған Айнұр Дәненовамен кездесті.

Кездесу барысында ҚССП Басқарма Төрағасы марокколық серіктестермен өзара іс-қимылды дамыту бағытындағы жұмыс туралы баяндады. Атап айтқанда, қазан айында Астанада Марокконың дипломатиялық және іскерлік топтарының өкілдерімен кездесу өтті. Онда өзара сауданы кеңейту, бірлескен өндірістер құру және қазақстандық өнімдерді Африка нарықтарына шығару үшін Марокконың сауда-логистикалық мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Мұрат Қарымсақов 2026 жылдың 20-23 шілдесінде Мароккоға жасаған жұмыс сапарының нәтижелері туралы ақпарат берді. Қазақстанның ресми делегациясы құрамында ол бейінді мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесулерге және Қазақстан–Марокко Іскерлік кеңесінің бірінші отырысына қатысты. Бизнес өкілдерімен өнеркәсіптік кооперация, инвестиция тарту, агроөнеркәсіптік кешен мен тыңайтқыштар өндірісі салаларындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер өтті.

ҚССП Басқарма Төрағасы кәсіпкерлерге жәрдемдесу, іскерлік серіктестер іздеу және перспективалы бірлескен жобаларды сүйемелдеу мақсатында Палатаның Қазақстанның Мароккодағы Елшілігімен тығыз өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланысын сақтауға, ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасуға және Қазақстан мен Марокконың іскерлік топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамыту жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге уағдаласты.