АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

02.10.2026
АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер мен азаматтардың назарына маңызды ақпаратты жеткізеді.

 

Соңғы уақытта «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының атынан әрекет етіп, азаматтарға несие алып беру, қаржылай көмек көрсету немесе кәсіпкерлікке қатысты қызметтер ұсыну арқылы ақша талап ететін алаяқтық әрекеттердің орын алу қаупіне байланысты ескерту жасаймыз.

 

Осыған орай, азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырамыз!

 

Назар аударыңыз!

 

  • «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге консультациялық және ақпараттық қызметтерді тегін негізде көрсетеді.

  • Палата қызметкерлері қызмет көрсету үшін азаматтардан немесе кәсіпкерлерден ақы, комиссия не өзге де төлем талап етпейді.

  • Несие алып беру немесе қаржыландыруды рәсімдеу үшін алдын ала ақша сұрайтын тұлғалардың ұсыныстарына сақтықпен қараңыз.

  • Жеке деректеріңізді, банк картасының мәліметтерін және SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеңіз.

  • Палата атынан хабарласқан тұлғалардың қызметіне күмән туындаған жағдайда, ақпаратты ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіз.

 

Ескерту: «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының атын пайдаланып, заңсыз ақша талап ететін тұлғалардың әрекеттері Палатаның ресми қызметіне қатысы жоқ.

 

Өз қаражатыңыз бен жеке деректеріңізді қорғаңыз! Алаяқтық әрекеттерге жол бермей, сақтық танытыңыз!

Изображение