Кәсіпкерлерге жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік жасалады: Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы QNP Solutions компаниясымен меморандумға қол қойды

06.11.2026
Кәсіпкерлерге жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік жасалады: Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы QNP Solutions компаниясымен меморандумға қол қойды

Астана қаласының кәсіпорындары өндірістік міндеттерді шешу үшін технологиялық компанияларды тартып, жаңа әзірлемелерді өз өндірісінде сынақтан өткізе алады. Мұндай мүмкіндік Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен «QNP Solutions» ЖШС арасындағы ынтымақтастық аясында қарастырылған. Тараптар HUB 01 жобасын дамыту жөнінде меморандумға қол қойды.

Құжатқа Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Әлин мен «QNP Solutions» ЖШС басшысы Ахьяд Мурадов қол қойды.

Изображение

 

Изображение

Жоба кәсіпорындардың нақты сұраныстарын технологиялық шешімдермен ұштастыруға бағытталған. Оның аясында кәсіпкерлердің өндірістік мәселелері жинақталып, оларды шешуге қажетті технологиялар мен әзірлеуші компаниялар іріктеледі. Сондай-ақ бизнес өкілдері мен технологиялық компаниялар арасында кездесулер ұйымдастырылып, ұсынылған әзірлемелерді сынақтан өткізуге арналған пилоттық жобаларға қолдау көрсетіледі.

Пилоттық жобалардың нәтижесі бойынша тараптар технологиялардың тиімділігін бағалап, оларды кәсіпорындардың жұмысына енгізу және коммерциялық негізде қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.

HUB 01 жобасының басым бағыттарына тау-кен өндірісі, өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым, қаржы және цифрлық сервистер кіреді. Атап айтқанда, өндірістік процестерді автоматтандыру, цифрландыру, еңбек өнімділігін арттыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне басымдық беріледі.

Бұдан бөлек, жоба аясында салалық кездесулер, технологиялық әзірлемелердің таныстырылымдары, семинарлар мен практикалық сабақтар өткізіледі. Алдағы іс-шаралар туралы ақпарат Палатаның салалық кеңестерінің мүшелеріне жұмыс тәртібімен жеткізіледі. Бұл кәсіпкерлерге өз саласындағы жаңа әзірлемелермен танысып, оларды қолдану мүмкіндіктерін талқылауға жол ашады.

Изображение

Осылайша, HUB 01 кәсіпорындардың технологиялық компаниялармен тікелей байланыс орнатуына, өндірістік міндеттеріне сай шешімдерді сынақтан өткізуіне және тиімді әзірлемелерді тәжірибеге енгізуіне мүмкіндік беретін алаңға айналмақ.