Ғылыми әзірлемеден дайын өнімге дейін: ШҚО ғылымы мен бизнестің байланысын қалай нығайтуға болады

06.11.2026
Ғылыми әзірлемеден дайын өнімге дейін: ШҚО ғылымы мен бизнестің байланысын қалай нығайтуға болады

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің зертханаларында бүгінде өндірісте, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда сұранысқа ие болуы мүмкін технологиялар әзірленуде. Алайда инновациялық өнім жасау – істің жартысы ғана. Оны іс жүзінде енгізуге дайын серіктестерді табу да аса маңызды. Дәл осы мәселелер Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Гүлнар Бижанованың университетке сапары барысында талқыланды.

Университет ректоры Гүлжан Джарасовамен бірге ол Ұлттық ұжымдық пайдалану ғылыми зертханасын аралап, ғалымдардың әзірлемелерімен танысты және ғылыми идеяларды нақты бизнес-жобаларға айналдыру жолдарын талқылады.

Мұнда таныстыратын жаңалықтар аз емес. Мәселен, ғалымдар вируссыз картоп өсіру технологиясымен айналысуда. Зертхананың арнайы қорында вирустар мен инфекциялардан толық тазартылған картоптың 125-тен астам сорты сақталған. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін бұл технология сапалы тұқым материалын алуға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Тағы бір перспективалы бағыт – ауыл шаруашылығы қалдықтарынан экологиялық таза материалдар өндіру. Ғалымдар күнбағыс қауызы, күріш қабығы және басқа да шикізат түрлерінен топырақтағы ылғалды сақтауға қабілетті биогидрогельдер мен ауыл шаруашылығына арналған биологиялық ыдырайтын үлдірлер әзірлеуде. Мұндай шешімдер әсіресе су тапшылығы жағдайында және өнім өсіруге жұмсалатын шығындарды азайту қажеттілігі туындаған кезде өзекті.

Материалтану саласында да қызықты әзірлемелер бар. Университетте металл бұйымдарының беріктігін, тозуға төзімділігін және қызмет ету мерзімін арттыруға мүмкіндік беретін қорғаныш жабындарымен жұмыс жүргізілуде. Ірі кәсіпорындар мен өндірістік қуаттар шоғырланған өнеркәсіпті Шығыс Қазақстан үшін мұндай технологиялардың практикалық маңызы зор болуы мүмкін.

Алайда сапар барысында талқыланған басты мәселе – ғылыми әзірлемелердің тек зерттеу жобалары деңгейінде қалып қоймай, нақты өндірісте қолданылуына қалай қол жеткізуге болады деген сұрақ болды.

Гүлнар Бижанова ұсынылған технологияларды іс жүзінде қолдану мүмкіндіктеріне, олардың өндіріске енгізуге дайындығына және әлеуетті тапсырыс берушілерге ерекше қызығушылық танытты. Әр бағыт бойынша әзірлемелердің қандай кәсіпорындарға пайдалы болуы мүмкін екені, өндірушілермен ынтымақтастықты қалай жолға қою және оларды коммерцияландыру үшін қандай қадамдар жасау қажеттігі талқыланды.

Кездесуде бизнеспен нақты шешімдер тілінде сөйлесудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Яғни технология қандай мәселені шешеді, кәсіпорынға қаншалықты үнем әкеледі, оны өндіріске енгізу қаншалықты қолжетімді және өнімді шығаруды жолға қою мүмкін бе деген сұрақтарға жауап болуы тиіс.

Өйткені кәсіпкер үшін ғылыми жаңалықтың өзі ғана емес, оның нақты нәтижесі де маңызды. Бұл – өнімнің өзіндік