Ұлытау өңірінің кәсіпкерлігі – мүмкіндіктер мен жаңа идеялар алаңы!

09.11.2026
Ұлытау өңірінің кәсіпкерлігі – мүмкіндіктер мен жаңа идеялар алаңы!

Облыс әкімі Есет Байкеннің өңір кәсіпкерлерімен кездесу аясында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Ұлытау жерінің өндірушілері өз өнімдерін кеңінен таныстырды. Азық-түлік, ет және сүт өнімдері, ұлттық нақыштағы бұйымдар, халық шеберлерінің қолөнер туындылары мен креативті индустрия өкілдерінің тың жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды.

Әрбір бұйым мен өнімнің артында – еңбек, шеберлік, ізденіс және туған өлкенің дамуына қосылған үлес бар.

Мұндай көрмелер жергілікті өндірушілерді қолдауға, отандық өнімнің әлеуетін танытуға және кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайтуға жол ашады.

Жергілікті өнімді қолдау – өңір экономикасын дамытуға қосылған үлес!

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображение