Павлодарлық «Атамекен» палатасы бизнесті «innoRail India 2026» көрмесіне қатысу үшін Үндістанға шақырады

09.11.2026
Павлодарлық «Атамекен» палатасы бизнесті «innoRail India 2026» көрмесіне қатысу үшін Үндістанға шақырады

Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Үндістан Республикасының Елшілігінен «innoRail India 2026» халықаралық көрмесіне қатысу туралы шақыру келіп түсті.

Көрме 2026 жылғы 26–28 қараша аралығында Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Лакхнау қаласында, «RDSO» стадионының алаңында өтеді.

«innoRail India» көрмесі – теміржол көлігі, машина жасау, жол инфрақұрылымы және автоматтандыру салаларындағы заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдерді таныстыратын негізгі салалық алаң», – деп түсіндірді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Шайхислам.

Өңірлік «Атамекен» палатасы Павлодар облысындағы теміржол машинасын жасау кәсіпорындарына, көлік-логистикалық компанияларға, сондай-ақ бейінді қауымдастықтарға осы іс-шараға қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.