Өңірлік кеңесте көтерілген кәсіпкер мәселесі шешімін тапты

09.11.2026
Өңірлік кеңесте көтерілген кәсіпкер мәселесі шешімін тапты

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің маусым айында өткен отырысында «Хабибулла» шаруа қожалығының басшысы Хабибулла Мустапаев тамшылатып суару жүйесін іске қосу үшін қажетті электр қуатына қол жеткізу мәселесін көтерген болатын.

Кәсіпкер қосалқы станциялардағы қуат тапшылығына байланысты электр желілеріне қосылуға қажетті техникалық шартты ала алмаған.

Өңірлік кеңесте көтерілген мәселені шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде егістік алқабына трансформатор орнатылып, электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Қазіргі таңда шаруа қожалығы тамшылатып суару жүйесін іске қосып, жұмысын жалғастыруда.

Бұл – Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі алаңында көтерілген кәсіпкерлік мәселелерін тиісті мемлекеттік органдар мен жауапты мекемелердің қатысуымен қарастырып, нақты нәтижеге қол жеткізудің бір үлгісі.