Павлодарлық «Атамекен» палатасы бизнес өкілдерін Болгариядағы конференцияға шақырады

11.11.2026
Павлодарлық «Атамекен» палатасы бизнес өкілдерін Болгариядағы конференцияға шақырады

Болгария Сауда-өнеркәсіп палатасы (БСӨП) жанындағы Төрелік сот кәсіпкерлерді «Заманауи төреліктегі сенім, жауапкершілік және жасанды интеллект. Әділ сот талқылауы. Болгариядағы төрелік реформаға бір жыл» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысуға шақырады.

«Іс-шара 19 қарашада Болгарияның София қаласында өтеді. Конференцияға тікелей қатысуға, сондай-ақ Zoom платформасы арқылы қашықтан қосылуға мүмкіндік бар. Қатысу үшін ұйымдастыру жарнасы алынбайды», – дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Шайхислам.

Конференцияның негізгі тақырыптық бағыттары: Болгариядағы төрелік реформаға бір жыл; заманауи төреліктегі сенім және әділ сот талқылауы; төреліктегі жасанды интеллект – әділ сот талқылауының құралы ма, әлде оған төнетін қауіп пе?; заманауи төреліктегі жауапкершілік және төрешілерге арналған этикалық қағидалар. Конференцияның жұмыс тілдері – болгар және ағылшын тілдері (синхронды аударма қарастырылған).

Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастырушылардың байланыс деректері:

E-mail: acourt@bcci.bg

Телефон: +359 2 8117 561/546/558

Болгария Сауда-өнеркәсіп палатасының ресми сайты: www.bcci.bg.