Павлодарлық «Атамекен» палатасы бизнесті Молдованың энергетика саласындағы жобасына қатысуға шақырады

13.11.2026
Павлодарлық «Атамекен» палатасы бизнесті Молдованың энергетика саласындағы жобасына қатысуға шақырады

Молдова Республикасының Энергетика министрлігі «Swedfund International» акционерлік қоғамының «Swedfund Project Accelerator» бағдарламасы аясындағы гранттық қолдауымен Кишинев және Бельцы қалаларында қалдықтардан жылу және электр энергиясын бірлесіп өндіру қондырғыларын салу мүмкіндігін бағалау жобасын бастады.

«Осыған байланысты Молдова тарапы мүдделі компанияларды «Молдовада қалдықтардан жылу және электр энергиясын бірлесіп өндіру қондырғысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша екі кезеңді зерттеуді дайындауға арналған консультациялық қызметтер» тапсырмасы бойынша қатысуға қызығушылық білдіру өтінімдерін (Expression of Interest) беруге шақырады», – дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Шайхислам.

Қызығушылық білдіру өтінімдерін қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 17 қараша, Шығыс Еуропа уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін.