«Адал кәсіпкер» өңірлік кәсіпкерлер байқауының жеңімпаздары Павлодар облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында марапатталды

13.11.2026
 «Адал кәсіпкер» өңірлік кәсіпкерлер байқауының жеңімпаздары Павлодар облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында марапатталды

«Адал кәсіпкер» байқауы өз ісін табысты дамытып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласатын, отандық өндірісті қолдайтын және өз міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарайтын бизнес өкілдерін атап өтуге бағытталған.

 

Изображение

Бұл ерекше байқау республикалық «Адал кәсіпкер» акциясы аясында өтті. Акция заңға бағынатын, ашық әрі әлеуметтік жауапты кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Өз кезегінде, акция Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен «Заң мен тәртіп» қазақстандық идеологемасын ілгерілету жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 78-тармағын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

 

Изображение

Байқау қатысушыларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша адал кәсіпкерлікті дамытуға, заңнама талаптарын сақтауға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға үлес қосқан кәсіпорындар бес негізгі номинация бойынша жеңімпаз атанды:

  • «Үлгілі салық төлеуші» – «Айза» ЖК (басшысы – Айзат Байтенова);

  • «Жауапты жұмыс беруші» – «Тепличный комплекс Аксу» ЖШС (директоры – Наталья Куликова);

  • «Қауіпсіз бизнес» – «ДСК «Темiр Тас» ЖШС (бас инженері – Мұрат Нұрсарин);

  • «Әлеуметтік жауапты бизнес» – «ТЕХНОПРОМ-ТЕКС» ЖШС (директоры – Нұрбапа Қасымов);

  • «Үздік өндірістік бизнес» – «ПП «Mirstankov» ЖШС (директоры – Мәдиниет Ұзақ).

Изображение

Жеңімпаздарға салтанатты жағдайда арнайы мүсіншелер мен дипломдар табысталды. Кәсіпкерлерді құттықтау сөзімен Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Шайхислам құттықтады.

 

Изображение

«Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын! Бизнес өкілдеріне жаңа табысты жобалар мен компанияларының одан әрі дамуын тілеймін! Біздің өңірдегі «Атамекен» палатасы үшін кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесу ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілігі, өндірістегі еңбек жағдайлары және заң алдындағы адалдығы өзгелерге үлгі болуға лайық кәсіпкерлерді көпшілікке таныту да маңызды», – дейді ол.

 

Изображение

 

Изображение

 

Изображение

 

Изображение