«Sheber»: Павлодарлық «Атамекен» палатасы жаңа платформаны пайдалануды ұсынады
Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін қазақстандық шеберлерге арналған жаңа «Sheber» платформасын пайдалануға шақырады.
«Бұл платформаның стратегиялық мақсаты – бытыраңқы қолөнер өндірісінен сериялық өнім шығару мен кепілді өткізуге негізделген жүйелі салаға көшу. «Sheber» сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен кәдесый өнімдерін өндіру секторын көлеңкеден шығаруға, осы салада сапа стандарттарын енгізуге, импорттық тауарларды Қазақстанда, соның ішінде Павлодар облысында өндірілетін өнімдермен алмастыруға, сондай-ақ шеберлердің B2B ресурстарына, әлеуетті клиенттермен келіссөздер жүргізуге және бөлшек сауда тапсырыстарына тікелей қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – дейді Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Шайхислам.
«Sheber» – бірыңғай цифрлық жүйе. Ол шеберлерді біріктіретін агрегатор, өнімдер көрмесі және стандарттар тізілімі ретінде жұмыс істейді, алайда тауар айналымында қаржылық делдал болып табылмайды. Бұл платформаны пайдаланатын павлодарлық шеберлер өнімдерін өткізудің ішкі арналары ретінде ұйымдасқан бөлшек сауда желілері («Marwin» желілері), тұжырымдамалық жобалар («Tary», «Sandyk»), ұлттық парктердің визит-орталықтары, әуежайлар, корпоративтік тапсырыстар және HoReCa секторы қарастырылған.
Маркетплейстерде платформа «Sheber – Handmade» атауымен қолжетімді. Онда тіркелу тегін. Платформа «Kaspi Магазинінің» баламасы болып табылады.
«Sheber» платформасында сәндік-қолданбалы өнермен, зергерлік бұйымдар мен ұлттық аспаптар жасаумен, былғарыдан бұйымдар өндірумен, ұлттық киім тігумен, сондай-ақ өз қолымен кәдесыйлар жасаумен айналысатын шеберлер тіркеле алады.
Бағдарламаның бірыңғай операторы – Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен». Экспортты ілгерілету міндетін «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, қаржылық қолдау шаралары мен кепілдік беруді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, экспорттық мәмілелерді сақтандыруды «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА), ал туристік инфрақұрылымға интеграциялауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ жүзеге асырады.
Қосымша ақпарат алу үшін Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады.
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 319-кеңсе.
Тел.: +7 747 113 6492.