Астанада 250-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

18.11.2026
Астанада 250-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Астанада кәсіпкерлерге инвестиция тарту тетіктері мен мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді. Осы мақсатта бизнес өкілдері мен Астана қаласын дамыту орталығы мамандарының кездесуі өтті.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік қолдау құралдары таныстырылды. Атап айтқанда, мемлекеттік заттай гранттар беру тәртібі, заңнамада көзделген инвестициялық преференциялар және оларды алу талаптары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар қатысушылар бизнес-бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін және кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шарттарын талқылады.

Бүгінде елордада 250-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастамалар қала экономикасының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және елорданың инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Кездесу барысында Астана даму орталығының Инвестициялар тарту департаменті басшысының орынбасары Ерсайын Тажбен кәсіпкерлердің сауалдарына жауап беріп, мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібін түсіндірді.

Изображение

Изображение

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы инвесторларды сүйемелдеу, олардың бастамаларын іске асыруға қолдау көрсету және бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырады.