Павлодар облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Билер кеңесінің ынтымақтастығы бизнеске ұзаққа созылатын сот дауларынан аулақ болуға мүмкіндік береді

18.11.2026
Павлодар облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Билер кеңесінің ынтымақтастығы бизнеске ұзаққа созылатын сот дауларынан аулақ болуға мүмкіндік береді

Павлодар қаласында Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы мен өңір соттары арасында жасалған өзара іс-қимыл туралы меморандум аясында сот ғимаратында консультативтік кабинеттердің жұмысы қайта жанданды.

 

Изображение

Осындай консультациялар барысында Кәсіпкерлер палатасының өңірлік сарапшылары бизнес субъектілерін қабылдап, оларға жанжалдар туындаған жағдайда өз құқықтары мен мүдделерін қорғау тәртібін түсіндіреді.

«Қазіргі уақытта Кәсіпкерлер палатасы Павлодар облысының Билер кеңесімен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасауда. Билер кеңесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты бекіткен ереже негізінде жұмыс істейді және қоғамдық орган ретінде мемлекетіміздің сот жүйесінің бір бөлігі болып табылады», – дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мұрат Мұсатаев.

«Атамекен» палатасы мен Билер кеңесі бизнестің даулы жағдайларын жан-жақты қарастырып, медиация, келіссөздер немесе бітімгершілік келісім арқылы туындаған мәселелерді мәні бойынша шешуге көмектеседі.

«Кәсіпкерлер палатасы мен Билер кеңесінің ынтымақтастығы өңір кәсіпкерлеріне ресурстарын үнемдеуге, сондай-ақ ұзаққа созылатын әрі көп шығынды қажет ететін сот процестерінен аулақ болуға мүмкіндік береді», – дейді «Атамекен» ӨКП директоры Айдос Шайхислам.