«Атамекен» Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкері Мемлекеттік кірістер департаментінің марапатына ие болды

18.11.2026
«Атамекен» Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкері Мемлекеттік кірістер департаментінің марапатына ие болды

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алғыс хатымен Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Гүлнара Бассуова марапатталды.

 

Изображение

«Әріптесіміз бұл марапатқа белсенді азаматтық ұстанымы және мемлекет пен бизнес-қоғамдастық арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін ие болды», – дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мұрат Мұсатаев.

Гүлнара Бассуова Алғыс хатты «Атамекен» ӨКП ғимаратында Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының өңір бойынша басшысы Төлеген Шаймардановтың қолынан алды.

«Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін толғандыратын барлық мәселелерді, Қазақстанның жаңа Салық кодексін және басқа да сұрақтарды түсіндіру бойынша облыстың, қалалар мен аудандардың салық органдарымен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасайды. Гүлнара Еркенқызының бұл марапаты – еңбегінің лайықты бағасы», – деп атап өтті «Атамекен» ӨКП директоры Айдос Шайхислам.