Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнес арасында су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді

13.11.2026
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнес арасында су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға ұқыпты қарау кәсіпкерліктің тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған орай, Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтық және экологиялық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ оларды қолданыстағы талаптар мен өзекті бастамалар туралы ақпараттандыруға ерекше мән береді.

Осы бағыттағы жұмыстар аясында Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында «Нұра-Сарысу» бассейндік инспекциясының өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараға Палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Ғалымжан Сутбаев пен өңір кәсіпкерлері қатысты.

Ұлытау облысы бойынша Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану бөлімінің басшысы Қайрат Байменов пен бас маман Бақытжан Тәшенов кәсіпкерлерге «Суды сақта — болашақты сақта!» тақырыбында ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында су ресурстарын ұтымды пайдалану, су ысырабын азайту, суды үнемдеу қағидаттарын сақтау және аса құнды табиғи байлық саналатын су ресурстарын қорғау қажеттілігіне баса назар аударылды. Мұндай кездесулердің кәсіпкерлік қоғамдастық үшін маңызы зор. Өйткені су ресурстарына жауапкершілікпен қарау табиғи байлықты сақтауға ғана емес, сонымен қатар бизнесті жүргізудің экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы диалог алаңы ретінде кәсіпкерлерді ақпараттандыруға және өңірдің дамуы үшін маңызды өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.

 

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображение