Alageum Electric компаниясы Жезқазғанда заманауи энергетикалық шешімдерді таныстырды

13.11.2026
Alageum Electric компаниясы Жезқазғанда заманауи энергетикалық шешімдерді таныстырды

Жезқазған қаласында Alageum Electric компаниясының өкілдері өнеркәсіп саласының өкілдерімен және Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірқатар салалық кездесу өткізді.

Кездесулер барысында компания мамандары жоғары вольтты жабдықтарды, атап айтқанда, элегазбен оқшауланған жиынтық тарату құрылғыларын (КРУЭ) және ашық тарату құрылғыларын (ОРУ) таныстырды.

Қатысушылар жабдықтардың техникалық сипаттамаларымен танысып, оларды пайдалану ерекшеліктерін, сондай-ақ қолданыстағы және жаңадан салынып жатқан энергетикалық нысандарда қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

– Біз үшін ең маңыздысы – жабдықтарды таныстырумен ғана шектелмей, әр өңірдің энергетика саласындағы өзекті міндеттерін, қандай нысандарды салу жоспарланып отырғанын және қай нысандарды жаңғырту қажеттігін түсіну. Кәсіпорындардың нақты қажеттіліктерін білу арқылы оларға тиімді әрі нақты техникалық шешімдер ұсына аламыз, – деп атап өтті Alageum Invest компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Алмас Жарылғасов.

Мұндай кездесулер жабдық өндірушілер, энергетикалық кәсіпорындар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображениеИзображение