Отандық тауарлардың қолжетімділігі және бизнестің жауапкершілігі: Ұлытау облысында кеңес өтті
Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында жергілікті тауар өндірушілердің, көтерме жеткізушілердің, сауда желілері өкілдерінің, Палата дирекциясы мен Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Кездесудің негізгі тақырыбы – сауда нысандарында отандық өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру және сауда қызметінде заңдылық талаптарын сақтау қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тауарлар туралы шынайы ақпарат ұсыну, баға белгілеріндегі мәліметтердің өзектілігін қамтамасыз ету, ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ сатып алушылардың өтініштері мен шағымдарын уақтылы қарау мәселелері талқыланды.
Кеңес аясында республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларының қорытындысы да шығарылды. Аталған акцияларға белсенді қатысып, халыққа тауарларды қолжетімді бағамен ұсынған сауда нысандары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің атынан Алғыс хаттармен марапатталды.











