Ұлытау облысының іскер әйелдері «1000 әйел – 1000 мүмкіндік» ұлттық конгресіне қатысты
Ұлытау облысының іскер әйелдерінен құралған делегация Түркістан қаласында өткен, Дүниежүзілік әйелдер кәсіпкерлігі күніне орай ұйымдастырылған «1000 әйел – 1000 мүмкіндік» ұлттық конгресіне қатысты.
Ауқымды іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен мыңға жуық әйел кәсіпкер жиналды. Конгресс әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және бизнесті өркендетудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға арналған маңызды алаңға айналды. Жиынға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен іскерлік қауымдастық мүшелері қатысты.


