Ұлытау облысында «Еңбек жолы» және «Парыз» республикалық конкурстарының өңірлік кезеңдері жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Ұлытау облысында «Еңбек жолы» және «Парыз» республикалық конкурстарының өңірлік кезеңдері жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқау қорытындысы бойынша бірқатар кәсіпорын мен ұйым жеңімпаз атанып, марапаттарға ие болды:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша – «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС;
«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС;
«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша – «Kazakhmys Maintenance Services» ЖШС;
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша – «Kazakhmys Smelting» ЖШС;
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша – «Адал Еңбек» ЖШС.
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін «SARTAILAQ» балаларды дамыту орталығы (шағын кәсіпкерлік субъектісі) облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шара барысында Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері Мақпал Бимағамбетова мен Жаухар Тұрсыноваға да ерекше алғыс білдірілді.
«Парыз» конкурсының өңірлік кезеңін ұйымдастыру мен өткізуге белсенді атсалысқаны, кәсіпкерлермен және ұйымдармен тиімді байланыс орнатқаны, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және оны кеңінен насихаттауға қосқан үлесі үшін Палата қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды!





