Павлодарлық «Атамекен» палатасы бизнес өкілдеріне Үндістанда өтетін «INDUSFOOD 2027» 10-шы халықаралық көрмесіне қатысуды ұсынады
2027 жылғы 8–10 қаңтар аралығында Үндістан Сауда және өнеркәсіп министрлігінің Сауда департаментінің қолдауымен Сауданы ілгерілету кеңесі (TPCI) «INDUSFOOD 2027» оныншы халықаралық көрмесін ұйымдастырады. Көрме Үндістанның Үлкен Нойда қаласындағы India Exposition Mart Limited көрме орталығында өтеді.
«INDUSFOOD – Азия өңіріндегі жетекші салалық алаңдардың бірі. Ол азық-түлік пен сусындардың 30-дан астам тауар санатын қамтиды», – дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Шайхислам.
Кандидатуралары мақұлданған импорттаушылар мен сатып алушыларға көрмеге қатысу үшін бірқатар арнайы жағдайлар мен артықшылықтар ұсынылады.
Олардың қатарында әуе билеттеріне жұмсалған шығындарды өтеу (TPCI іріктеу комиссиясының мақұлдауы болған жағдайда, көрменің соңғы күні төленеді), төрт-бес жұлдызды қонақүйде үш түнге дейін тұру, әуежайдан қонақүйге және кері трансфер, көрме күндері таңғы және түскі ас, сондай-ақ сенімді жеткізушілермен B2B форматындағы іскерлік кездесулер ұйымдастыру қарастырылған.
Сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың маңыздылығын ескере отырып, шақырушы тарап салалық қауымдастықтар мен агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі саласындағы отандық мүдделі компанияларға осы көрме туралы ақпаратты жеткізуді сұрайды.
Ұйымдастырушылардың байланыс деректері және тіркелу сілтемелері:
Жауапты тұлға: TPCI өкілі Пранита Сванси ханым (Ms. Praneeta Swansi).
Электрондық пошта: intlrelations2@tpci.in
Телефон: +91 7827086754
Ресми сайт: indusfood.co.in
Онлайн тіркелу: erp.tpci.in/V9WgJ4