Қазақстанда сатып алушылар мен кәсіпкерлерге арналған республикалық акция басталды

20.11.2026
Қазақстанда сатып алушылар мен кәсіпкерлерге арналған республикалық акция басталды

2026 жылдың 10 қарашсынан 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін Қазақстанда BusinessGO цифрлық платформасындағы «Amian сервисінде автомобильдер мен бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны» республикалық акциясы өтеді. Акция азаматтарды фискалдық чек талап етуге ынталандыруға, есеп айырысулардың ашықтығын арттыруға және кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін цифрлық құралдарды меңгеруге көмектесуге бағытталған.

Жоба «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Кәсіпкерлер үшін акцияға қатысу – бұл алдымен ілгерілетуге қосымша шығын жұмсамай-ақ сатылым мен клиенттік базаны арттыруға арналған дайын тәжірибелік құрал. Жобаны өткізудің барлық кезеңінде ШОБ субъектілері қатарындағы қатысушылар өңірлік кәсіпкерлер палаталарынан тегін кеңес пен тәжірибелік қолдау ала алады. Мамандар бизнеске цифрлық платформа сервисінің жұмысын түсінуге көмектесіп, маркетинг пен сату негіздерін үйретеді: жаңа сатып алушыларды тарту, орташа чекті арттыру және клиенттерді қайта сатып алуға ынталандыру жолдарын түсіндіреді. Amian Business сервисінде жеке акцияны іске қосу ұтыс ойынына қатысудың міндетті шарты болғандықтан, кәсіпкерлер екі есе пайдаға кенеледі: сауда нүктесіндегі клиенттер ағыны мен түсімнің өсуі, сондай-ақ автомобиль немесе техника ұтып алу мүмкіндігіне ие болады

Акцияға қатысу тегін және екі санат үшін қолжетімді. Қазақстан азаматтары саналатын сатып алушыларға Amian мобильді қосымшасында тіркеліп, верификациядан өту, акцияға қатысушы кәсіпкерден 1 000 теңгеден басталатын сомаға сауда жасау және 24 сағат ішінде фискалдық чектің QR-кодын сканерлеу жеткілікті. Сауда нүктелерінің тізімі қосымшада қолжетімді және үнемі жаңартылып отырады. Бір сатып алушы күніне 3 чекке дейін тіркей алады. 1 000 теңгеден асқан сатып алу сомасына қарамастан, тексерілген әрбір чек жеңіске жетуге бір мүмкіндік береді.

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысу үшін бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану, BusinessGO платформасындағы Amian Business сервисіне қосылу және берілген чектер жүйеде тіркелуі үшін ұтыс ойынының әрбір кезеңінде сатып алушыларға арналған маркетингтік акциялар өткізу қажет.

Жалпы жүлде қорына алты автомобиль, екі смартфон, екі планшет және екі ноутбук кіреді. Үш автомобиль сатып алушыларға, үшеуі кәсіпкерлерге арналған. Әрбір кезеңде екі жеңімпаз анықталады: бір сатып алушы және бір кәсіпкер.

Ұтыс ойындары өтетін күндер:

  • 2026 жылдың 1 желтоқсаны – екі смартфон;

  • 2027 жылдың 1 қаңтары – екі автокөлік;

  • 2027 жылдың 1 ақпаны – екі планшет;

  • 2027 жылдың 1 наурызы – екі автокөлік;

  • 2027 жылдың 1 сәуірі – екі ноутбук;

  • 2027 жылдың 1 мамыры – екі автокөлік.

Барлық ұтыс ойындары Астана уақыты бойынша сағат 19:00-ге жоспарланған және BusinessGO-дың Instagram мен TikTok-тағы ресми аккаунттарында тікелей эфирде өтеді. Жеңімпаздар сатып алушылар мен кәсіпкерлер арасында бөлек-бөлек кездейсоқ таңдау әдісімен анықталып, кейін қатысу шарттарының сақталуы тексеріледі. Әрбір кезеңнің чектері тек тиісті кезеңге ғана қатысады және келесі кезеңдерге ауыстырылмайды.

Анықтама үшін: BusinessGO – есепке алу, есеп айырысуларды бақылау және сатып алушылармен өзара іс-қимыл сервистерін біріктіретін кәсіпкерлерге арналған бірыңғай цифрлық экожүйе. Платформа микро, шағын және орта бизнеске түсетін әкімшілік және қаржылық жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдарды Қазақстанның барлық өңіріндегі кәсіпкерлер үшін қолжетімді етеді.

Республикалық акцияның шарттары мен BusinessGO платформасының мүмкіндіктері туралы толығырақ businessgo.kz порталынан, «Атамекен» ҰКП-ның ресми сайтынан немесе 1432 бірыңғай байланыс орталығының нөмірі арқылы білуге болады.