Астана мен Алматы қаласының салық органдары павлодарлық кәсіпорынның берешегін өтегеннен кейін шоттарын бұғаттан шығаруды кешіктірген

24.11.2026
Астана мен Алматы қаласының салық органдары павлодарлық кәсіпорынның берешегін өтегеннен кейін шоттарын бұғаттан шығаруды кешіктірген

«Екі оттың ортасында»: Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы Павлодар қаласындағы химиялық өнімдер мен жұмсақ полипропилен қаптамасын өндіретін ірі қазақстандық кәсіпорын – «Нефтехим LTD» ЖШС-нің өтініші бойынша ұйымдастырылды.

 

Изображение

Отырысты кеңес төрағасы Нұрлан Набиев жүргізді. Жиынға Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мұрат Мұсатаев, сондай-ақ онлайн форматта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Қалық, Астана, Алматы қалалары мен Павлодар облысының салық органдарының өкілдері, Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері және кеңес мүшелері қатысты.

«Нефтехим LTD» ЖШС өкілі Наталья Кондратенко бейнеконференция байланысы арқылы биыл кәсіпорынға дебиторлық берешектің пайда болғаны және оны өтеу қажеттігі туралы екі хабарлама келгенін айтты. Оның бірі Астананың Сарыарқа ауданынан (үш миллион теңге), екіншісі Алматының Медеу ауданынан (тоғыз миллион теңге) жолданған. Кәсіпорын берешекті өтеп, Мемлекеттік кірістер басқармаларына өз жауаптарын жіберген.

 

Изображение

«Алғашқы хатты біз жүйесі арқылы жолдадық, өйткені сол кезде салық органының хабарламасына жазбаша жауап беру мүмкін болмады. Хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін шоттарымызды үш миллион теңге сомасына бұғаттап тастады. Екінші жағдайда жауабымызды жазбаша түрде жібердік, алайда ол белгісіз себептермен жоғалып кеткен. Менің түсінуімше, жүйеде қандай да бір ақау болған», – деп түсіндірді Наталья Кондратенко.

Екі жағдайда да компания өкілдері алдымен аталған салық органдарына телефон арқылы хабарласуға тырысқан. Алайда бұл әрекеттерінен нәтиже шықпаған. Осыдан кейін кәсіпорын хабарламаларға жауаптарын арқылы қайта жолдаған. Бірақ тағы да ешқандай жауап болмаған.

 

Изображение

«Екінші жағдайда біз Алматыдағы әріптес компаниямыздан көмек сұрауға мәжбүр болдық. Олардың бухгалтері Алматының Медеу ауданындағы салық органына арнайы барып, жағдайды түсіндіріп, шоттарымызды бұғаттан шығаруға ықпал етті», – деді ол.

Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі бейнеконференция байланысы арқылы хабарлама мамыр айында келіп түскенін және басқарма мамандары оны қарап, құжатқа «Орындалды» мәртебесін қойғанын мәлімдеді. Ал Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері павлодарлық кәсіпорынның хабарламаны 23 қыркүйекте салық төлеушінің кабинеті арқылы жібергенін хабарлағанын айтты. Алайда техникалық себептерге байланысты кәсіпкерлердің жауаптары аудандық басқармаларға аталған кабинет арқылы түспеген. Бұл туралы аудандық басқарма павлодарлық компанияға хабарлаған. 19 қазанда кәсіпорын растайтын құжатты қоса тіркеп, арқылы өтініш берген. 21 қазанда салық органдары өтінішке «Орындалды» мәртебесін қойып, содан кейін ғана шоттар бұғаттан шығарылған.

 

Изображение

«Қазіргі уақытта шоттарымыз бұғаттан шығарылды, ешқандай мәселе жоқ», – деп растады «Нефтехим LTD» ЖШС өкілі Наталья Кондратенко.

«Мұндай созбалаңға жол берген қызметкерлер жауапқа тартылуы тиіс. Кез келген әрекет үшін жауапкершілік болуы керек. Сондықтан біз Сарыарқа және Медеу аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларына осы мәселені қарастырып, кейін қандай қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны туралы тізімді бізге ұсынуды ұсынамыз. Өйткені кәсіпкерлердің жұмысына кез келген кедергі келтірудің соңы жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін», – деп мәлімдеді Нұрлан Набиев.

 

Изображение

ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Қалық бірінші хабарламаға қатысты ведомство тарапынан заңбұзушылық анықталмағанын растады. Ал екінші жағдайда «техникалық қателікке байланысты» павлодарлық кәсіпорынның жауабы Мемлекеттік кірістер комитетіне түспеген. Оның айтуынша, МКК-ның жергілікті бөлімшелерімен тиісті жұмыс жүргізілген және алдағы уақытта мұндай техникалық ақауға жол берілмеуі тиіс.

«Орын алған жағдай үшін «Нефтехим LTD» компаниясынан кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды деп ойлаймын. Егер осындай фактілер тағы да орын алса, байланыс орталығына жүгіну қажет», – деп толықтырды Нұрлан Қалық.

«Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды. Егер кәсіпорында берешек пайда болып, ол толық өтелсе, ешкімнің оның жұмысына кедергі келтіруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл мәселе біздің кеңестің отырысында қаралды», – деп түсіндірді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айдос Шайхислам.