Павлодар облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

24.11.2026
 Павлодар облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Өңірдің аграршыларына лайықты марапаттарды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов табыстады. Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара мен көрмеге шаруа қожалықтары, серіктестіктер, оның ішінде Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен салалық кеңесі мен өңірлік кеңесінің құрамына кіретін кәсіпорындар, сондай-ақ «Атамекен» ӨКП ұжымы қатысты.

 

Изображение

Естай атындағы мәдениет сарайында мереке құрметіне ауыл шаруашылығы жетістіктерінің, сондай-ақ агроөнеркәсіп саласына арналған инновациялар мен әзірлемелердің көрмесі ұйымдастырылды.

 

Изображение

Мәдениет сарайының кіреберісінде ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі өтті.

 

Изображение

Екінші қабатта облыстың барлық қалалары мен аудандарының аграршылары өндіретін азық-түлік өнімдерімен танысуға мүмкіндік болды.

Изображение

Мәселен, ет өнімдерінің түр-түрі ұсынылды: сиыр етінен жасалған шұжықтар мен қой етінен дайындалған жартылай фабрикаттардан бастап, тірі балық, ысталған балық және қапталған күркетауық етіне дейін.

 

Изображение

Сүт өнімдері де кеңінен ұсынылды: сүт, айран, ірімшіктер, құрт және жент сияқты ұлттық десерттер.

 

Изображение

Сонымен қатар өңір алқаптарында өсірілген көкөністер, жемістер, жидектер мен бал қойылды.

 

Изображение

Ұн тарту кәсіпорындарының өнімдері, сондай-ақ наубайшылардың дәмді әрі алуан түрлі нан-тоқаш өнімдері де лайықты деңгейде таныстырылды.

 

Изображение

Өңірдің басты концерт залында өткен салтанатты жиында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне құттықтау сөзін арнап, еңбектері үшін алғыс білдірді.

 

Изображение

«Әрбір нәтиженің артында сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз, ал әрбір жетістіктің негізінде кәсібилік пен өз ісіне деген сүйіспеншілік жатыр. Еңбекқорлықтарыңыз, шыдамдылықтарыңыз және туған жерге деген адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздерге жаңа жетістіктер, бақыт, бақ-береке және ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін», – деді Асайын Байханов.

 

Изображение

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы саласының бірқатар қызметкеріне лайықты марапаттарын табыстады.

 

Изображение